Неге Алиса, неге Боб?

Блог аты dosbol
Біреулер үшін онсызда белгілі нәрсе болар, дегенмен, мен бүгін 6-7 жыл бұрын ойыма 1-2 секундқа келіп кеткен сұрағыма жауап таптым.

Криптографияға қатысты мәтіндерде Алиса және Боб есімді кейіпкерлер кездеседі ғой көбіне. Сол кезде, неге осы аттарды таңдаған екен деп ойладым да қойганмын.
Сөйтсем, басында А және Б болған екен. Кәдімгі А нүктесінен Б нүктесіне бір машина шықты… дегендей. Сосын, Рон Ривест деген азамат ыңғайлы болу үшін А — Алиса, Б — Боб деген балама қолданған екен.