Дизайн паттерндер. 2-сабақ. Құру паттерндері (Creational patterns)

Блог аты abzalkalimbetov
Аты: Abstract Factory (Абстрактілі зауыт)
Проблема: Егер программалық жабдық әр түрлі платформада құрастырмалы (portable) болу керек болса, онда платформа байланыстарын сол кодта инкапсуляция (жасыру) жасау керек болады. «Платформалар» ретінде: терезе (window) жүйесі, операциялық жүйе, дерекқор (база), т.б бола алады. Егер программисттер бұл инкапсуляцияны қарастырмаса, программада көптеген жерлерде #ifdef, if, case сияқты операторларын көретін боламыз: платформалар мен ондағы опциялардың көбеюіне байланысты ол операторлар қояндар сияқты темппен кодта көбейіп кетеді. :)
Жалғасын оқу

Дизайн паттерндер. 1-сабақ. Кіріспе

Блог аты abzalkalimbetov
Қайырлы күн, бүгінгі тақырып — Дизайн паттерндер.

Паттерн дегеніміз белгілі бір контексттегі стандартты проблемаға дәлелденген эффективті шешім. Кез-келген паттерн белгілі бір проблеманы шешуге бағытталған. Сол шешімді біз келешекте қайтадан жазып отырмай алып қолдансақ болады. Мысалы инженерлер автомобиль жасағанда әр жасаған сайын физика заңдарын қолданып жасамайды; олар бұрынғы жазылған инструкцияларына, яғни тәжірибеге сүйеніп жасайды. Сол сияқты паттерндер программалық жабдық (ПЖ) жасағанда архитектура мен дизайнды қайта қолдануға көмектеседі. Кез-келген паттерннің 4 элементі болады: 1) аты 2)проблема 3) шешім 4) нәтиже
Жалғасын оқу