Дизайн паттерндер. 1-сабақ. Кіріспе

Блог аты abzalkalimbetov
Қайырлы күн, бүгінгі тақырып — Дизайн паттерндер.

Паттерн дегеніміз белгілі бір контексттегі стандартты проблемаға дәлелденген эффективті шешім. Кез-келген паттерн белгілі бір проблеманы шешуге бағытталған. Сол шешімді біз келешекте қайтадан жазып отырмай алып қолдансақ болады. Мысалы инженерлер автомобиль жасағанда әр жасаған сайын физика заңдарын қолданып жасамайды; олар бұрынғы жазылған инструкцияларына, яғни тәжірибеге сүйеніп жасайды. Сол сияқты паттерндер программалық жабдық (ПЖ) жасағанда архитектура мен дизайнды қайта қолдануға көмектеседі. Кез-келген паттерннің 4 элементі болады: 1) аты 2)проблема 3) шешім 4) нәтиже
Жалғасын оқу