avatar
Рейтинг
+1.54
Күші
0.67

Досбол

Жарияланымдары

Неге Алиса, неге Боб?

Блог аты dosbol
Біреулер үшін онсызда белгілі нәрсе болар, дегенмен, мен бүгін 6-7 жыл бұрын ойыма 1-2 секундқа келіп кеткен сұрағыма жауап таптым.

Криптографияға қатысты мәтіндерде Алиса және Боб есімді кейіпкерлер кездеседі ғой көбіне. Сол кезде, неге осы аттарды таңдаған екен деп ойладым да қойганмын.
Сөйтсем, басында А және Б болған екен. Кәдімгі А нүктесінен Б нүктесіне бір машина шықты… дегендей. Сосын, Рон Ривест деген азамат ыңғайлы болу үшін А — Алиса, Б — Боб деген балама қолданған екен.

Программист болудың бір артықшылығы

Блог аты dosbol
Кішкентай кезде көбіміз өнертапқыш болуды армандадық. Қазір қарап отырсам, программисттерде бір артықшылық бар. Яғни, жаңа нәрсе ойлап табуға көп шығын кетпейді. Ал басқа салаларда көп материал қажет сияқты болып көрінеді. Программисттер саусақтарымен ақ жаңалық істей берсе болады. Бірақ, ол үлкен еңбекті талап етері анық.

Ал, сіздер программист болудың басқа қандай артықшылықтарын білесіздер?

Шахматпен салыстырсақ

Блог аты dosbol
Программалау тілін, яғни синтаксисін үйрену сізді программист қылмайды. Шахматтың ережесін үйрене сала, шахмат ойнап кету қиын. Себебі, ойнай әлде қайда көп тәжірибе, стратегияларды талап етеді. Сол сияқты программалауды синтаксис оқып алып меңгердім деу қисынсыз деп ойлаймын.