avatar
Рейтинг
+2.69
Күші
2.56

Нұрлан Қарақұлов

Жарияланымдары

Интерфейстің пайдасына бір мысал...

Бағдарламалау
Интерфейс дегеніміз не? Оның пайдасы қаншалықты? деген сұрақ төңірегінде жүрген достарыма айтар бір қызығым бар ;)
Біреулер үшін жаңалық емес те шығар, бірақ өзім енді байқағасын қызық көріп бөлісіп отырмын, мүмкін біреулерге пайдасы тиіп те қалар деп.
Әуелі не істейтінімізді айтамын, сосын не ұтқанымызды:
1) класс СlassA құрамыз.
2) класс ClassB құрамыз.
3) interfase ISandar құрамыз, оның ішінде int Method(); болуы керек мысалға.
4) ClassA,ClassB-ларға ISandar-ды мирас етіп табыстаймыз))
Жалғасын оқу

return жайлы сәл толығырақ...

Бағдарламалау
return — өзі тиесілі методтан, қандай да бір мәнді қайтара отырып(міндетті түрде емес, мән қайтармауы да мүмкін),сол методтан шығарып жіберу операторы. деп алдыңғы кішігірім жазбада айтып өткен болатынмын. Бұл тақырыпқа тез ену үшін сол тақырыпты сәл түрлендіріп қайталау арқылы кірісейік:
Жалғасын оқу

continue, break операторлары жайында

Бағдарламалау
Циклдер тақырыбын түсіндіріп жатқанда, continue операторын да айтып кеткен орынды.
continue — өзі тиесілі циклдың(while,do-while,for,foreach) орындалып жатқан айналымын үзіп, келесі айналымына өткізіп жібереді, циклдан тұтастай шығарып тастай алмайды,
керісінше, бұл оператордың қажеттілігі циклдың өзінен тұтас шығып кетпей, бір айналымын ғана өткізіп жіберу керек болған тұстарда туындайды.
Мысалға көшелік…
Жалғасын оқу

Қалай программист болдым? немесе Sportsman.ConvertToProgrammer();

Блог аты KarNurMax
Ассаламуалейкум, бауырлар, програмиисттер, сонымен қатар, ӘРІПТЕСТЕР )))
Өзімді таныстырып өтейін: атым Нұрлан, ес білгелі жүгіре бергенді жақсы көремін. Әкем жаттықтырушы болғандықтан менің де спорт жолын таңдағаныды қалайтын. Ауылда алтыншы сыныпқа дейін оқып, жетінші сыныбымды осы Астанадағы Қажымұқан спорт-интернатында жалғастырдым. Онда бес жыл оқыдым: басты назар спортқа бөлінетін де білім жағы айтарлықтай қатты талаппен меңгерілмейтін, стандарттан жоғары болған емес деп жылы жауып қояйын. Ұстаздарыма еш ренішім жоқ бұл үшін, керісінше, олардан тек жақсылық көрдім, өте жақсы қарым-қатынаста болдық. Толығырақ тоқталып жатпай-ақ қояйын, әрі қарай кеттік…

Жалғасын оқу

while

Бағдарламалау
1) While операторы озіне тиесілі шарт орындалып тұрғанынша, өз денесіндегі кодтарды қайталап орындай береді.
2) Сонымен қатар break, goto, return немесе throw операторлары while( ){денесінің} сыртына сілтеп жіберсе де жеткілікті
Әрі қарай кеттік пе?

namespace немесе Атаулар кеңістігі

Бағдарламалау
С# тілімен айтқанда, Атаулар кеңістігі — .NET Framework платформасындағы көптеген класстармен жұмыс істеу мүмкіндіктерін ұтымды ұйымдастыру үшін құрылған элемент.
Жалғасын оқу