SmartDev ерікті программисттер клубы жайлы

Басты мақсат — отандық жобалар жүзеге асыру
— Тәжірибелі мамандарды біріктіру, ыңғайлы жағдай жасау
— Жаңа IT мамандарын дайындау
— IT саласында қазақша контентті дамыту

Клуб төмендегі бөлімдерден тұрады:

Білім бөлімі
1. Оқыту бағдарламасын құру
2. Оқыту үрдісін ұйымдастыру
3. Оқушылардың білімін бағалау, іріктеу
4. Конкурстар, т.с.с іс-шаралар ұйымдастыру
5. itblog.kz блогплатформасын жүргізу
6. IT саласында жаңалықтарды қадағалау

Жобалар бөлімі
1. Жобаларды жүзеге асыру
2. Жобаларға техникалық қолдау көрсету

БАҚ бөлімі
1. Фан клуб қалыптастыру
2. Әлеуметтік желілерде жұмыстар жүргізу
3. Youtube канал жүргізу
4. Блог жүрзігу
5. Баспасөз қызметтерімен жұмыс жүргізу
6. Жобаларға PR қолдау көрсету
7. Жаңа мамандарды клубқа шақыру

Кеңестер
1. “Көшбасшылар кеңесі”
— Клуб жұмысына ат салысуда жетістіктерімен көзге түскен кісілер
— Ерекше мүмкіндіктерге ие болады
2. “Мамандар кеңесі”
— Тәжірибелі мамандар тобы
— Жобалар жасау үрдісіне нақты бағыт беру

Құралдар
1. Блогплатформа itblog.kz
2. Ортақ сервер
3. Тапсырмаларды бөлу, т.б. жүйелер
4. БАҚ, әлеуметтік жүйелер

Іс-шаралар
1. “IT үздігімен кеш” (Прогерлер, Тимлид, Проджект менеджерлер, Компания иегерлері, Үздік стартаперлер, Казнет жұлдыздары)
2. Клуб жиналыстары(есеп беру, жаңа бағыттар анықтау)
3. Астанада өтетін IT-ге қатысты іс-шараларға клуб болып қатысу
4. Өзіміздің конкурстар, т.с.с ынталандыру шараларын ұйымдастыру
5. Клубпен бірге демалыс уақыттарын бірге өткізу

Ережелер
1. Жетекшіні тыңдау
— Сынып, топ, отбасы, мемлекет, т.с.с қандай да бір ұйым болмасын бір жетекші болады, өзгелер оны тыңдауы қажет. Әркім өз басына қожа болған топ ешқашан өрге баспайды. Өз кезегінде жетекші шешім қабылдауда клубтың өзге мүшелерінің пікірін назарға ала отырып, мамандармен кеңесіп барып, тоқтамға келеді.
2. Ерекше келісімдер болмайынша клубтың барлық материалдары, исходный код, т.с.с барлығы SmartDev-ке тиесілі
— Бұл — клубтың өзін өзі қорғауы. Бөтен ниеттегі кісі барлық еңбегімізді өз атынан жариялап жүрмес үшін.
— “Авторлық құқық” мәселесінде клуб барынша икемді. Идея автордыкі, бірақ, клубта жасалған жобалардың барлығында SmartDev-ке сілтеме болуы қажет. Бұл SmartDev брендін таратудағы қадам.
3. SmartDev басты мақсаты — елімізде IT дамуына үлес қосу
4. SmartDev — есірткі, ішімдік, жезөкшелік, парақорлық, т.с.с керітартпа ұғымдарды таратуға қатысты жобаларға қатыспайды
5. SmartDev — ешқандай саяси, діни бірлестіктерге қатыспайды
6. SmartDev ешқашан ештеңеге қарсы күреспейді, қажетті жағдайды қалыптастыруға тырысады.

Клубтан сіздерге не пайда?
1. Елімізде IT дамуына үлес қосу.
— Бұл үшін IT маманы болу міндетті емес. Бәлкім, біздің жобаларымызға басқан әрбір лайкыңыздың өзі бір үлес болып табылады.
2. IT саласында актуалды білім, нақты тәжірибе жинау
3. Өз жобаңда жүзеге асыру
4. Порфолиоңызды дамыту
5. Қолдау табу
6. Клуб өз мүшелерінің бастамаларына әрқашан қолдан келгенше қолдау көрсетеді

Күтілетін нәтиже
1. IT саласында үлкен аудитория қалыптастыру
2. Отандық жаңа жобаларды жүзеге асыру
3. IT саласында қазақша контенттің артуы

Жетекшіден:
SmartDev ешқандай да мүдделі топтың тапсырмасы емес. Ол энтузиязымға толы жас программисттердің бастауымен құрылды. Ешқандай қаржыландыру көзі жоқ. Алдыға қойған мақсаттары биік. Күндердің күні қазақ IT-нің дамуына өзінің айтарлықтай үлесін қосатынына сенімдімін. Таңдалған бағыттың дұрыстығына, болашағымыздың жарқын екендігіне еш күмәнданбаймын. Күннен күнге SmartDev жаңа белестерді бағындырып келеді.

Бәлкім, күндердің күні бір себептермен тоқтап та қалармыз. Клубсыз да жақсы, жайлы өмір сүріп жатырмыз дегендей. Айтайын дегенім, клуб мүшелері қазіргі уақытты, мүмкіндіктерді бағаласаңыздар, клуб жұмысына беріліп, дамуына ат салыссаңыздар тілеймін. Рахмет. Қазақ IT-нің дамуына бірге үлес қосайық!

Басты тілек — жоғары деңгейге ұмтылу. Клубтың жұмысында, сайтта, т.б. жобаларымызда сіздерден және өзімізден де сұрайтыным — ұқыптылық, нақтылық. Бастаған екенбіз, жақсы нәтиже көрсетейік. Әрқайсымыз әрбір амалымызды жоғары деңгейде жасауға ұмтылайық.

Сұрақтарыңыз болса: smartdevkz@mail.ru.