SmartDev жаңалықтары

SmartDev
Құрметті, SmartDev клубының мүшелері!

Сіздерге офиста соңғы рет жұма күні кешке көрісетінімізді жариялаймын.

Өздеріңіз білесіздер, бағдарламалау негіздерінен сабақтар аяқталды. Енді жоба жазуға көшудеміз. Сіздердің орындарыңызға жаңа топ келеді. Осы жексенбі солар үшін презентация өткізбекпіз.

Ал, сіздерді DIT компаниясына стажировкаға шақырамын. Яғни, біз сіздерге орын әзірлеп қоямыз. Сабақтан бос уақытыңызда офисқа келіп, клубтағы жобаларыңызды жасай берсеңіз болады. Ерхат екеуміз күнұзақ қастарыңызда боламыз:) Өздеріңізді жақсы көрсетіп жатсаңыз, жұмысқа да орналасуларыңыз мүмкін. Егер компания өзінің ақылы жобаларына шақыратын болса, онда арнайы келісімшартқа отырып, жалақы төлейтін болады.

Офис сол жағалауда Нұрастана мешітінің қасында. ЖК Номад, ЖК Сармат, ЖК Инфинити аумағы.

Сабақ-жұмыстарыңыз бар, сондықтан стажировкаға келу міндетті емес. Кім келе алады ereke_enu@mail.ru адресіне резюмелеріңізді жолдаңыз.

Жобаны үйде де жасай беруге болады, арасында жиналып та тұрамыз. Бірақ, бір офиста отырып жасасақ керемет қой.

3 пікір

avatar
Ен кызыгы сол жоба жазганда басталады, негизи. Саттилик сиздерге, баринизге!!!
avatar
Ия, қызықтың бәрі алда деп ойлаймын:)
avatar
Рахмет.
Тек қана тіркелген және авторизациядан өткен қолданушылар пікір қалдыра алады.