Енді қашан кездесеміз?

SmartDev
Қайырлы таң, SmartDev!

Өздеріңіз білесіздер, алдыңғы жексенбі күні(01.10.2013) алғашқы жиынымыз өтті. Жиын өткізудегі басты мақсат — клубтың жұмысын, мақсатын толығырақ түсіндіру және жалпы білім деңгейіне байланысты топтарға ажырату болған.

Тапсырмаларды тексеру барысында төмендегідей шешімге келдік:

1. Бағдарламалау және web негіздері бойынша келер аптадан сабақтар жүргізіп бастаймыз.(аптасына 2 рет). Әзірге ешқандай топтарға бөлмейміз: жаңадан бастаушыларға үйрену, бұрыннан білетіндерге қайталау болады.

2. Жобаларға байланысты керекті құралдар дайындалып жатыр. Олар дайын болған соң ғана, сабақтармен қатар, жобалар жазып бастаймыз.

3. Кімде Фейсбук, Вконтактеде аккаунт жоқ, тезірек ашып: Фейсбукта, Вконтактеде группаларға қосылыңыздар. (Маған да достық жібере салсаңыздар болады)

4. Әзірге осы, қалғанын сабақтарда айтармыз.

P.S: Сабақтар сейсенбі, бейсенбі күндері кешкі 19.00-21.00 аралығында өтеді.

0 пікір

Тек қана тіркелген және авторизациядан өткен қолданушылар пікір қалдыра алады.