.NET платформасындағы деректер түрлері

Бағдарламалау
NET. платформасындағы деректер түрлері сақталу орны және олармен жұмыс жасау мүмкіндіктеріне қарай мәндік және сілтемелік болып екіге бөлінеді.
Типі мәндік деректер стэкте сақталады.(қатты диск)(1-сурет)
Қатты диск, стэк
Типі сілтемелік деректер қолданбалы ортада(оперативтік жады) сақталады.(2-сурет)
Қолданбалы орта, оперативтік жады
Стэктің жұмысы қолданбалы ортамен салыстырғанда жылдамырақ болғандықтан, құрған бағдарламаңыз жылдам жұмыс істесін десеңіз, реті келсе мәндік типтерді көбірек қолданған абзал.(Қатып қалған қағида емес).
Стэктің жұмыс істеу тәртібі бойынша кезекке соңғы тұрған бірінші алынады. Соңғы келсең — бірінші шығасың.Жәшікке зат салған сияқты. Ең бірінші салған затыңыз түбінде қалып қояды да оған қол жеткізу үшін үстіндегілерін алу керек.жәшік, стэкке мысал
Ал қолданбалы ортада ондай тәртіп жоқ. Радиобасқарылымды ойыншықтар сияқты. Нақты заттың қайда екені белгісіз. Оны қолмен ұстап, көріп, біле алмаймыз, дегенмен қолымыздағы радиобасқарғыш пульт арқылы керекті тапсырмаларды орындата аламыз. Қолымыздағы пульт ол тек сілтеме ғана, қандай да бір объектке бара жол. Ал нақты объект қайда екені белгісіз.
радиоойыншық, оперативтік жадыдағы қолданбалы ортаға мысал
Қолымыздағы пульт(сілтеме) нақты зат болғандықтан біз оны жәшікке(стэкке) салып қойсақ болады.

Қысқаша осы. Келер жазбамда нақты қандай түрлер сілтемелік, қайсысы мәндік екендігі жайында толығырақ жазбақшымын.

3 пікір

avatar
Сонда int, double, string, т.б. — қайсысы сілтемелік, қайсысы мәнді?
avatar
Бұйыртса, келесі тақырып соны қамтитын болады.
avatar
Силтемелик типтер де мандик типтер де RAM-да сакталады. Мандик тип стекте ал силтемелик кучада. Кучанын стектен айырмашылыгы — кучада объект жасаганда объектке алдын ала канша жад болинетин билу кажет емес. Ол динамикалык турде оседи. Бирак кучага объект жасау процеси алдекайда жай орындалады, стекпен салыстырганда.
Тек қана тіркелген және авторизациядан өткен қолданушылар пікір қалдыра алады.