ASP.NET + My SQL + Entity Framework

Бағдарламалау
Ассаляму'алейкум!

Жақында бір проект жазып едім, ол проекттің мәліметтер қорын My SQL-де жасау керек болатын. MS SQL және ASP.NET-те жазған кезде Entity Framework колданған өте ыңғайлы еді, My SQL болғандықтан запростардың бәрін қолмен жазамын деп ойлап едім. Ғаламторды біраз аралап My SQL-дің мәліметтер қорының моделін де Entity Framework арқылы жасауға болатынын тауып жасап көрдім. Сол баяғы MS SQL сияқты керемет жасап тұр)

Ол үшін бізге My SQL Connector қажет. Оны мына жерден жүктей аласыздар. Қазіргі ақырғы версиясы(6.6.7) жасамады, сондықтан мен 6.6.6 версиясын қолдандым. Содан кейін проектімізде жаңа Entity Data Model құрамыз, сол жерде Data Sourse-тардың арасында My SQL таңдаймыз.
<
Және мәліметтер қорын қолдану қолайлы болу үшін dbForge Studio қолдандым. Ол жерде мәліметтер қорындағы кестелерді байланыстыру үшін мысалға осы сияқты диаграмма құруға болады

13 пікір

avatar
MS SQL-мен қолданғандағыдан қандай да бір өзгеріс бар ма?
avatar
өзім ешқандай айырмашылық байқамадым
avatar
ассаламуалейкум, әлгі екеуін орнатып жатқанда қай пункттерді түртіп өтейік?
ЕрхатОсылай қала берсін бе?
avatar
солай қалдыра салғам мен, немесе sql-ді де ала салыныз, керек сияқты ғой :)
avatar
dbForge Studio for MySQL орнаттым, әрі қарай не істеймін?)) Мүлдем хабары жоқ жандарға арнап толығырақ скринмен түсіндіресіз бе әрі қарай? :)
avatar
Оны методом тыка өзің юзать етпесең, скриншотпен түсіндіріп отыру ұят болады
avatar
MS SQL Server-ден аумайды ол :)
avatar
DB, кестелер құрып, диаграммасын құру қажет. Сосын Вижуал Студиода EF model құрғанда сол, DB-ны көрсеет қоясың. Жалпы, өте керемет технология ғой
avatar
«Осы жабауыңызға сәл де болса қанағат»
деп отырған смайлик ;)
avatar
EF-ке үйреніп алсаң жаман)) SQL запростарды ұмытасың. Сондықтан, ORM-ге өтпес бұрын, sql запростардың майын ішу керек болар:)
avatar
Oracle-men de dal osy princp boiynwa jumys isteuge bolady. Ol uwin «Oracle Data Access Components» (ODAC) for Windows juktep alu kajet. Myna silteme boiynwa juktep aluga bolady.
Mende ornatuly turgan versiasy: ODTwithODAC1120320_32bit
ODTwithODAC1120320_32bit
Тек қана тіркелген және авторизациядан өткен қолданушылар пікір қалдыра алады.