Есептер - Теңестіру операторы (шешуімен)

Бағдарламалау
Есеп 1.
Биіктігі H, табаны A, B, C қабырғаларынан құралған үшбұрыш болып келетін пирамиданың көлемін есептеңіз. Табан ауданын есептеу үшін төмендегі Герон формуласын қолданыңыз:
S = түбір астында(P*(P-A)*(P-B)*(P-C))
,
Мұндағы:
P = (A+B+C)/2
.
Пирамида көлемі:
V = (S*H)/3
.

Тексеру үшін: A=3, B=4, C=5, H=6. Нәтиже: V=12.

Шешуі:
double A = 3, B = 4, C = 5, H = 6;
double P, S, V;
P = (A + B + C) / 2;
S = Math.Sqrt(P * (P - A) * (P - B) * (P - C));
V = (S * H) / 3;
Console.WriteLine("V=" + V);
Console.ReadKey();

4 пікір

avatar
неге шешуімен жаздың?
avatar
Бұл бірінші сабақтың тапсырмалары, шығара алмаған кісілерге көмек болсын деп жазып қойдым. Сол сабақта есептер жинағына сілтеме тұр. Сол жерден шығарып көрсең болады.
avatar
Керемет Ереке!!! Respect!
avatar
Рахмет. Сол ақырын бастап жатырмыз, өзің білесің. Ауыз толтырып айтарлықтай бір жетістікке жете қойғанымыз жоқ. Қазіргі уақытта сабақтармен қатар көптеген келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Құдай қаласа, әлі көп нәрсе алда. Бізбен бол!)
Тек қана тіркелген және авторизациядан өткен қолданушылар пікір қалдыра алады.