Класс және объект

Бағдарламалау
Кез-келген бағдарламаның негізі осы екі ұғымнан бастау алады*.
Класс және объект жайлы көп сөйлеуге де болушы еді(білген болсам:)), дегенмен, өзімізге жақын тұстарын ғана қысқа-нұсқа түрде айтып өтпекпін.
Бағдарламаларды жақсы құрып үйрену үшін Класс және Объект ұғымдарын жақсы меңгеру керек. Бұл істі кейінге қалдыратын болсақ, қателесуіміз де көп болады.

Класс — қандай да бір жоспарланып отырған объекттердің ортақ мінездемелерінің, көрсеткіштерінің, мүмкіндіктерінің т/б бағдарламада қолданылатын қасиеттерінің жиынтығы

Объект — алдын-ала құрылып қойылған класстан туындайтын экземпляр
Анықтамаларға қарап көп нәрсе ұқпай тұрсаңыз, ештеңе етпейді, практикаға көшкен сәтте бәрі айқынырақ көріне бастайды.

Сонымен, кіріселік ал…
Жануарлар классын ойша құрамыз(студияда құруға асықпай, жай қарап алсаңыздар да болады).
Жануарлар дегенде әркімнің ойына әртүрлі мақұлықтар келеді. Біреуге арыстан, біреуге піл, біреуге жылан т.с.с.
Жоғарыдағы анықтамаға сүйенсек, жалпы жануар атаулыға ортақ қасиеттерді жинақтауымыз керек:
тұқымы(порода), жасы, бойы, ұзындығы, салмағы, түсі(цвет), бұлардың барлығы статистикалық мінездемелері;
Сонымен қатар жануарларда келесі қасиеттер де бар: жүру, секіру, ұйықтау, тамақтану, т/б, бұлар — динамикалық қасиеттерге жатады.

Несі? деген сұрақ жауап беретін көрсеткіштері — сипаттары(свойства) болып саналады, және оларға мән беруге болады.
Мысалы: бойы = 172sm, түсі = қара, салмағы = 63kg… т.с.с.

Не істеу? деген сұраққа жауап беретін қасиеттері — функциялары, бағдарламалау тілінде метод деген терминмен алмастырылады, жалпы есеппен алғанда, оларға мән беруге болмайды.
Мысалы: жүру( ), секіру( ), ұйықтау( )… т.с.с.

/*Бағдарламалау барысында қолданушылар көрмейтін тұстардың барлығын ағылшынша жазып үйренуге бір себеп — ең құнды әдебиеттер осы тілде жазылуы. Біз де қалыспай, әу бастан ағылшыншаға төселейік.*/

Сөзден іске көшелік…
CLASS
Animal
Class — Animal Instance -Dog Instance — Cat
breedchi-hua-huasfinks
age2 year4 year
height25 sm34 sm
weight1460 g2,4 kg
colorblackwhite
length45 sm56
   
Hurry ( )  
Walk ( )  
Sleep ( )  
Eat ( )  

0 пікір

Тек қана тіркелген және авторизациядан өткен қолданушылар пікір қалдыра алады.