C# тілінде Бағдарламалау негіздері бойынша видеокурстар. Жылдам старт.

Бағдарламалау
Видеокурстар өз мәресіне жетті. Осы тақырыптарды жақсы игерген кісі — программист болуға әбден ықтимал. Бұл тақырыптарды жақсы білмей жақсы программист болу мүмкін емес. Себебі, бұл — негіз, фундамент.


Алдағы жоспарлар: курстың сайтын жасау, тексттік нұсқасын жасау. Оларды да бір күні осылай бітірермін)

«Ештен кеш жақсы» демекші, түбі шығаратын боламын. Адамдар бүгін ертең бағдарламалауды үйренуді тоқтата қоймас. Әйтеуір, бір кісі осы видеосабақтардан бір тақырыптың шетін ашып алса — мақсатым орындалғаны.

Оқиық, үйренейік, Қазақ тілді программисттер көбейіп, еліміздің IT-қуаты арта берсін.

Бағдарламалау — болашақты жасау.
Бағдарламалау — әрдайым жаңа нәрсе үйрену.
Бағдарламалау — хобби.
Бағдарламалау — күнкөріс.
Бағдарламалау — сіз ойлағаннан жеңіл.

0 пікір

Тек қана тіркелген және авторизациядан өткен қолданушылар пікір қалдыра алады.