Мәндік және сілтемелік деректер

Бағдарламалау
Әр түрлі деректер әр түрлі қасиеттерге ие. Әр қайсысының өзіндік артықшылық, кемшіліктері болады. Күрделі бағдарламаларды құру барысында бағдарламаның жұмыс істеу жылдамдығын, жеңілдігін басты рөлге қоятын болсаңыз енгізіп жатқан деректеріңіздің қайсысы мәндік, қайсысы сілтемелік екенін білген абзал.
Төменде біршама дерек түрлерінің мысалдары келтірілген*.

Мәндік түрге:
sbyte, byte, short, ushort, int, uint, long, ulong, float, double, decimal, bool, void,datetime, guid,timespan;(тізім мұнымен шектелмейді*)

Сілтемелік түрге:
type,string,array,exeption,delegate,multicastDelegate (тізім мұнымен шектелмейді*) жатады.

Стэкте құрылған айнымалылар қолданылып болғаннан кейін дереу өшіріледі, ал қолданбалы ортадағы айнымалылар, сол оперативтік жадыны толтырған күйі біршама уақыт жүріп алуы мүмкін, заматында өшпей.
Мәндік түрлермен құрылған объекттерге сұрау салсаңыз жауабы дер кезінде қайтады, ал сілтемелік түрлерге негізделген объекттер машинаны сәл күттіріп қояды деген сыбыс бар.
Басқа да көптеген мінездемелер бойынша Мәндік түрлер Сілтемелік түрлерден көбіне басымдыққа ие.
Сол себепті, бағдарлама құру барысында көбіне мәндік түрлерді қолданған абзал. Қатып қалған қағида емес. Кейбір кезде тіпті керісінше болып шығуы да мүмкін.

Әзірге осы.

0 пікір

Тек қана тіркелген және авторизациядан өткен қолданушылар пікір қалдыра алады.