1 сабақ: Айнымалылар

Сабақтар
Тақырыптар:

Бағдарлармалау негіздері бойынша
  1. Теңестіру операторы (=)
  2. Айнымалылар және олардың типтері
  3. Арифметикалық амалдар +,-,/,*
  4. Айнымалыны жариялау және мән беру
  5. Console және Math классатары(Console.WriteLine(), Console.ReadKey(), Math.Sqrt())

Web негіздері бойынша:
  1. .html бетті құру
  2. Сайттың құрылымы(html, head, body)
  3. Беттің басты бөліктері(header, footer, sidebar, content)
  4. Негізгі тегтер

Қолданылған әдебиеттер:
Есептер жинағы мына жерде

Үй жұмысы:
  1. Өтілген тақырыптар бойынша қосымша іздену
  2. Есептер жинағынан “Оператор присвоения” тақырыбы: 1-19 есептерді шығару.
  3. Өзіңіздің портфолиоңызды жасап бастау

Маңызды:
  1. Осы сайтқа үйрену барысында ашқан жаңалықтарыңызды жариялаңыз.(жазба қосу) Біріншіден, өзгелермен бөлісесіз. Екіншіден, ойыңыз жинақталады. Блог жүргізу әрбір маман иесінің кәсіби дамуына жақсы ықпал ететіні сөзсіз.
  2. Google.kz. Бұл сайтта барлығы бар. Әрбір программисттің досы. Дұрыс сұрақ қоя білсең, нақты жауап береді. Осы сайтты көп қолданыңыз.
  3. Глоссарий — әрбір сабақ бойынша терминдер жайлы осы жерден оқи аласыз
    Ұсыныс-сұраныс — бұл бөлімде IT-ге, клубқа байланысты,.т.б. сұрақтарыңыз, ұсыныстарыңыз, идеяларыңыз болса, жазсаңыз болады. Сабақтарға қатысты сұрақтарды сол сабақтың жазбасына пікір ретінде жазсаңыздар дұрысырақ.
    ФБ, Вконтакте жүйелеріне тіркеліп маған достық жолдаңыздар. Әлеуметтік желілерде де бірге болайық. Менің профилім

  4. P.S: Бүгінгі сабаққа алтын уақыттарыңызды қиып келгендеріңізге рахмет. Сабақ ойдағыдай өтті, әрқайсысыңызға түсінікті болды деген үміттемін. Бұйырса, кейінгі сабақтар бұдан да жақсырақ өткізуге тырысамыз. Әрдайым «Smartdev»-пен бірге болыңыз. Жақында презентацияда болмаған кісілерге арнайы клуб жайлы пост жазамын. Әзірге мына жерде және мына жерде ақпарат бар. Агентте ereke_enu@mail.ru жазсаңыздар болады. Жауап беруге тырысамын, жауап бермесем сол уақыт қолым бос болмағаны.

10 пікір

avatar
Сонда бынау бүгінгі өткен сабақтарыңның тақырыбы ма?
avatar
Ия, бұл бүгінгі өткен сабақтың тақырыбы.
avatar
Бағдарламалаудан Java-ны үйретіп жатырсың ба?
avatar
Бағдарламалау негіздері болғандықтан, кез келген бағдарлмалау тілінде жүргізе беруге болады. Си шарпты таңдадым, жаныма жақын.
avatar
Қай жеріңе жақын болсада да, бірақ «Web негіздерін» үйретіп жатыр екенсің, вебке жақын бір тілді алмадың ба?
avatar
Си шарпты кім айтты вебке жақын емес деп))
avatar
Brainfuck-та вебтен алыс емес. ))))
avatar
Өзім си шарптан бастағам, бәрі норм. Көп нәрсе жеңіл да, бастағанға жақсы. Кейін басқаларына көше беруге болады ғой.
avatar
КЕЛЕСИ САБАК НЕШЕСИ?
avatar
Сабақтар әзірше сейсенбі, бейсенбі күндер сағ. 19.00-21.00 арасында болып тұрады
Тек қана тіркелген және авторизациядан өткен қолданушылар пікір қалдыра алады.