3 сабақ: Таңдау операторы (switch-case)

Сабақтар
Қайырлы күн!

Осы сабақта өткен тақырыбымыз таңдау операторы, бұл оператор бізде программаның тармақталуын қамтамасыз етеді, яғни программаның орындалуының бірнеше варианттарының бірін таңдауға мүмкіндік тудырады

Жазылу әдісі:

switch(айнымалы)
{
    case константа1: әрекет; break;
    case константа2: әрекет; break;
    case константаЗ: әрекет; break;
    ...
    default: әрекет; break;
}


Бұл жерде айнымалыны тексереді, константалардың біреуіне тең болып қалса соған сәйкес әрекетті орындайды. Егер ешқандай жағдай(case) орындалмаса default-қа сәйкес әрекет орындалады. Және де әр варианттан кейін міндетті түрде break жазуымыз керек.

Мысалы:

int a = Convert.ToInt32(Console.ReadLine());
string Title;
switch(a)
{
    case 1: Title = "Дүйсенбі"; break;
    case 2: Title = "Сейсенбі"; break;
    case 3: Title = "Сәрсенбі"; break;
    case 4: Title = "Бейсенбі"; break;
    case 5: Title = "Жұма"; break;
    case 6: Title = "Сенбі"; break;
    case 7: Title = "Жексенбі"; break;
    default: Title = "Ондай күн жоқ"; break;
}
Console.WriteLine(Title);
Console.ReadKey();


Негізі осындай кезде біз бірнеше if операторлары арқылы да жүзеге асырсақ болады, бірақ көбінесе switch операторын қолданғанымыз әлдеқайда тиімдірек болып табылады.

4 пікір

avatar
SmartDev-тің курсындағы сабақтардан ба бұл мәліметтер…
avatar
ия, әр сабақта не өткеніміз осы блогта жазылып отырады
avatar
Қадамдарыңызға сәттілік… Жақсы ИТ мамандар дайын шығады деген үміттемін…
avatar
Рахмет!!!
Тек қана тіркелген және авторизациядан өткен қолданушылар пікір қалдыра алады.