Фреймворкты орнату және баптау (Кохана)

Фреймворктар, CMS
Фреймворк үйренуге кіріскен екенсіз сізді сайттың жалпы қалай жұмыс істейтінін, Денвер, XAMP сияқты веб серверлер пакеттердің бірін қолданады деп есептейміз.
Кохана фреймворкының сайты

Кохана фреймворкымен жұмыс жасау үшін әрине фреймворкты компьютерге түсіріп алу керек. Кохананың ресми сайты http://kohanaframework.org/ деп аталады. Сайтты ашсаңы сайттың оң жақ жоғарғы бұрышында мынадай суретті көресіз:
Кохананы түсіріп алуСуреттен көргеніңіздей кохананың қазіргі нұсқасы — 3.3.1.
Download деген батырманы басып фреймворкты компьютеріңізге түсіріп алыңыз. Түсіріп алғаннан кейін сайт құрайын деп жатқан папкаңызға апарып, кохананы архивтен шығарыңыз. Компьютеріңізде виртуалды хост жасағаныңыз дұрыс. Мен өзімде kohana.loc деген доменмен виртуалды хост жасадым, кохананың файлдарын E:/www/kohana деген папкаға тастадым. Тастағаннан кейін netbeans-ты ашып кохана жатқан папканы нетбинсқа қостым. Суретте көрсетілгендей:
Кохананы нетбинсқа қосу
Енді браузерден kohana.loc адресін терсек суреттегідей көріністі көреміз:
Кохананың инсталл беті
Бұл бетте кохана жүйедегі php интерпретаторының конфигурациясын тексереді. Сіздерде дәл суреттегідей көрініс болмауы мүмкін. Суреттің ең астында, арты жасыл түстелген жазуда бізден install.php деген файлды өшіруімізді сұрауда. Фреймворктың өз жұмысын бастауы үшін осы install.php деген файлды өшіріп тастау керек.

Кохананың құрылымы
Төмендегі суретте кохана фреймворкының құрылымы көрсетілген. Сол суреттегі папкалар мен файлдарды төменнен бастап таныстырсақ.

Ең астында install.php деген файл, жаңағы біздің браузерден көрген файлымыз. Бұл файлдың қызметі компьютердегі php интерпретаторының конфигурациясын, керекті папкалардың рұқсатын (permision) тексеру. Егер сіздің компьютеріңізде php-дің 4-ші нұсқасы болса немесе фреймворктың кеш жазатын папкасына «жазу рұқсаты» болмаса, сол пункттер қызыл жазумен белгіленіп, жүйенің жұмыс істеуінде қателіктер болады дегендей тұрады. Пункттердің барлығы жасыл түспен жазылып тұрса, бұл файлды өшіріп тасатай салыңыз.
install.php файлының үстінде index.php деген маңызды файл тұр. Бұл файл несімен маңызды? Фреймворктардың барлығында дерлік кез-келген сұраныс (request) осы index.php файлына келіп түседі, яғни index.php файлы жүйеге кіру нүктесі болып табылады.
index.php файлының жоғарысында тұрған папкаларға көшейік, қалған файлдарды кейінгі посттарда қарастырамыз.
system папкасы. Бұл папкада кохана фреймворкының ядросы орналасқан. Бұл папкадағы ешқандай файлды өзгертпеген дұрыс.
system папкасының үстінде modules папкасы тұр. Бұл папкада фреймворктың модульдері орналасқан. Модульдер туралы кейінгі посттарда кеңірек талқылаймыз.
modules папкасының үстінде application папкасы орналасқан. Біз осы папкамен жұмыс істейміз, яғни жазатын класстарымыздың барлығы дерлік осы папканың ішінде орналасады.
Кохананың жалпы құрылымы осылай, сқрақтарыңыз болса пікір ретінде жазыңыздар

5 пікір

avatar
Жақсы… Келесі сабақтарды күтеміз!
avatar
Жақсы бастама. Аты айтып тұрғандай бұл фреймуорктың жылдамдығы қызықтырады. Жалғасын асыға кутеміз. Іске сәт!
avatar
Қызықтырып бастадыңыз, жалғасы да қызық болар деп үміттенеміз :)
avatar
Денвер, ХАМП деген негизи технология емес, утилиталар гой просто. Ол Apache, MySQL, PHP установить етип, бир-биримен байланыстарын жасап береди. Жане виртуальный сайттарды хостка прописать етеди :)
avatar
Рахмет, осылай қателіктерді айтып тұрсаңдар қуанамыз :)
Тек қана тіркелген және авторизациядан өткен қолданушылар пікір қалдыра алады.