Кохана фреймворкы туралы (Кіріспе)

Фреймворктар, CMS
Жалпы фреймворктар туралы мына жерде жазылған.
Кохана фреймворкы
Кохана деген не?
Кохана — бұл ашық кодты, php тілінің 5-нші нұсқасына негізделіп жазылған, оңай, қарапайым веб фреймворк. Кохана HMVC (Hierarchical Model View Controller) паттернін қолданады.

Кохананың шығу тарихы
Басында Кохана аты-шулы codeigniter фреймворкының бір тармағы болып, Blue Flame деген атпен жарияланған. Кейіннен кохананы жазған программашылар codeigniter-ден түбегейлі бөлініп, Blue Flame деген атты Кохана деп өзгерткен. Бұрын codeigniter-ді қолданушылардың басым көпшілігі Коханаға ауысуда, өйткені codeigniter php тілінің 4 нұсқасымен жазылған, ал Кохана болса таза 5-ші нұсқасымен жазылған.

Кохана фреймворкының ерекшелігі
Жұмыс істеу жылдамдығы
Қауіпсіздігі
Көптеген функциялардың шешімін табуы
Қарапайымдылығы
HMVC паттернін қолдануы
UTF-8 кодтауын қолдауы

Бұл фреймворкты үйрену үшін не қажет?
Фреймворкты үйрене алу үшін php тілін түсіне білу керек. ОБП (Обектіге Бағытталған Программалау)-ды ең болмағанда кішкене түсіне білу керек. Яғни мына кодты көргенде шошымау:
<?
$o = new TestClass();
$o->show();
?>


Сонымен қатар компьютерге жақсы бір IDE орнату керек. Мен Netbeans қолдануға кеңес берер едім. Сосын ең маңыздысы үйренуге деген қызығушылық болу керек.

0 пікір

Тек қана тіркелген және авторизациядан өткен қолданушылар пікір қалдыра алады.