Веб фреймворктар деген не?
Фреймворк — бұл жалпақ тілмен айтқанда қаңқа деген сөз. Бұл постта веб фреймворктар туралы
сөз қозғалғалы жатыр. Егер сіздің веб программалауды үйренгіңіз келіп жүрген болса немесе кәсібіңіз веб сайттармен байланысты болса, бұл пост сізге пайдалы болады деген ойдамын.
Веб фреймворктар несімен көмекші бола алады?
Фреймворктарды қолдану арқылы сіз сайтты абстракциялап отырмайсыз, оны фреймворктың жасаушылары ойластырып қойған, мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын функциялардың барлығы дерлік дайын. Кейбір фреймворктарда авторизациялану, суреттермен жұмыс жасау, xss, sql injection деген шабуылдарға қарсы қауіпсіздік жағы да ойластарылған. Сізге қалған тірлік — мәліметтер қорына керекті кестелерді құрып, оларды бір-бірімен байланыстырып, қолданғалы отырған фреймворкыңыздың қалай жұмыс істейтіндігін үйрену.
Веб программалауды жаңадан үйреніп жүрегндерге қай веб фреймворктардан бастаған дұрыс?
Негізі менің ойымша енді бастағанда фреймворк қолданбай біраз сайт жасау керек сияқты. Осылай жасасаңыз мәліметтер қорымен жұмыс жасау, мәліметтер қорындағы кестелерді бір-бірімен байланыстыру, авторизациялану деген нәрселердің қалай жұмыс істейтіндігін үйреніп аласыз.
Содан кейін барып веб фреймворк қолданатын болсаңыз kohana, codeigniter, Yii, Zend т.б кете береді.
P.S: постта тек php тіліндегі фреймворктар туралы әңгіме қолзғалған

Веб фреймворк деген не?
Жалпы кез келген функционалды сайт мәліметтер қорымен жұмыс жасайды, мәліметтер қорындағы кестелердің саны 3-4-тен асады. Сонымен қатар мұндай сайттарда тіркелу, авторизацилану, пікір жазу, сурет жүктеу деген функциялар болады. Мұндай сайтты ешқандай фреймворктың көмегінсіз жасап шығу көп уақытты алады. Осы кезде бізге веб фреймворктар көмекші бола алады.Веб фреймворктар несімен көмекші бола алады?
Фреймворктарды қолдану арқылы сіз сайтты абстракциялап отырмайсыз, оны фреймворктың жасаушылары ойластырып қойған, мәліметтер қорымен жұмыс жасайтын функциялардың барлығы дерлік дайын. Кейбір фреймворктарда авторизациялану, суреттермен жұмыс жасау, xss, sql injection деген шабуылдарға қарсы қауіпсіздік жағы да ойластарылған. Сізге қалған тірлік — мәліметтер қорына керекті кестелерді құрып, оларды бір-бірімен байланыстырып, қолданғалы отырған фреймворкыңыздың қалай жұмыс істейтіндігін үйрену.
Веб программалауды жаңадан үйреніп жүрегндерге қай веб фреймворктардан бастаған дұрыс?
Негізі менің ойымша енді бастағанда фреймворк қолданбай біраз сайт жасау керек сияқты. Осылай жасасаңыз мәліметтер қорымен жұмыс жасау, мәліметтер қорындағы кестелерді бір-бірімен байланыстыру, авторизациялану деген нәрселердің қалай жұмыс істейтіндігін үйреніп аласыз.
Содан кейін барып веб фреймворк қолданатын болсаңыз kohana, codeigniter, Yii, Zend т.б кете береді.
P.S: постта тек php тіліндегі фреймворктар туралы әңгіме қолзғалған
8 пікір
+1
кездейсоқ басылып кетті:)