Дизайн паттерндер. 1-сабақ. Кіріспе

Блог аты abzalkalimbetov
Қайырлы күн, бүгінгі тақырып — Дизайн паттерндер.

Паттерн дегеніміз белгілі бір контексттегі стандартты проблемаға дәлелденген эффективті шешім. Кез-келген паттерн белгілі бір проблеманы шешуге бағытталған. Сол шешімді біз келешекте қайтадан жазып отырмай алып қолдансақ болады. Мысалы инженерлер автомобиль жасағанда әр жасаған сайын физика заңдарын қолданып жасамайды; олар бұрынғы жазылған инструкцияларына, яғни тәжірибеге сүйеніп жасайды. Сол сияқты паттерндер программалық жабдық (ПЖ) жасағанда архитектура мен дизайнды қайта қолдануға көмектеседі. Кез-келген паттерннің 4 элементі болады: 1) аты 2)проблема 3) шешім 4) нәтиже
Паттерндерді жүйеге келтірген Erich Gamma, Richard Helm, Ralph Johnson және John Vlissides (Addison-Wesley, 1995) болып табылады. Оларды — Gang of Four (GoF) деп те атайды.
Олар 23 паттерндерді 3 топқа бөліп, осы паттерндер басқаларға негіз болады деп атап өтті.

1. Құру паттерндері(Creational Patterns): Класс және объекттерді инициализация және конфигурация жасауға арналған.
Олар:
1. Abstract Factory
2. Builder
3. Factory Method
4. Prototype
5. Singleton


2. Структуралық паттерндер (Structural Patterns): Класс және объектілердің интерфейс және реализациясын ажырату үшін; олардың композициясын құру үшін арналған. Олар:
6. Adapter
7. Bridge
8. Composite
9. Decorator
10. Facade
11. Flyweight
12. Proxy


3. Іс-әрекет паттерндері (Behavioral patterns): Класс және объектілерің топтары арасындағы динамикалық қарым-қатынас, олардың арасындағы жауапкершілікті бөлу үшін арналған. Олар:
13. Chain of Responsibility
14. Command
15. Iterator
16. Interpreter
17. Mediator
18. Memento
19. Observer
20. State
21. Strategy
22. Template Method
23. Visitor


Бүгінге жеткілікті деп ойлаймын. Келесі сабақтарда құдай қаласа әр паттернге жеке тоқталамыз. Шешімдер UML, реализациялар JAVA тілінде болады.

10 пікір

avatar
Паттерндер қызықтырады. Әрқайсысын қажеттілігінше қолданудың өзіне біраз ойлану керек секілді ғой. Бірақ, көп екен:) Бұлардың өте жиі қолданылатыны қайсы және универ паттерн ретінде қайсысын қолдана беруге болады?
avatar
Menin oiymwa Singleton, Observer, Mediator
avatar
Bykil C# jane Java iwindegi bibliotekalarga karasanyz, sol patterndermen jasagan. Ol solardyn tabystylygyn da tysindiretin siakty
avatar
+Factory
avatar
kaisy factory? abstract factory ili Factory Method?
avatar
Жалгасы кашан шыгады?
avatar
Әр сенбі сайын деп жоспарланған
avatar
Сайт өте пайдалы екен, жарайсыңдар жігіттер, тоқтатпаңдар
avatar
Жазбаңыз қатты ұнады, қазақша сапалы түрде жазылған. Мәтіні де өте пайдалы екен. Жүйелі, түсінікті түрде баяндалған.

Паттерндердің бесеуін қолданыппын Гудокпен )))
Тек қана тіркелген және авторизациядан өткен қолданушылар пікір қалдыра алады.