Квест

Блог аты Abylai_adil
Бұл кветсті шамамен екі ай бұрын жасап, бір-екі блогтұғырларға жариялаған едім, әзірге ешкім соңына дейін жете алмады. Жауабын жазбас бұрын осы жерге де бір жариялап жіберуді ұйғардым. Қане айтишниктер, даканца! :)

Ойын шарты былай. Сілтемеден архив файлды жүктеп аласыз. Архивтің ішінде архив бар, бес дәрежелі. Яғни бес архив бірінің ішіне бірі салынған. Әр архивті кілт сөз енгізу арқылы ғана аша аласыз. Кілт сол архивпен бірге келген файлдарда жасырылған. Сіздің мақсатыңыз, әр архивке дұрыс кілт сөзін тауып, соңына дейін жету.

Өтініш: Пікірге кілт сөзді жарияламауыңызды сұраймын. Талқылауға болады, бірақ жауабын жазып басқа біреудің кәйіпін бұзбаңыздар.

Ал кеттік! Мұрағатты мына жерден жүктеп аласыз.
hosting.users.kz/0.rar

Оңай квест жасадым ғой деп ойлаған едім, қиындау болып кеткен сияқты. Тіпті қиын болып жатса бір қосымша көмек бере аламын.

«Настарт нимание марш!»

12 пікір

avatar
Жауабын бір-екі аптадан кейін жариялаймын.
avatar
Квест шешкендерге былай сыйлық, ештеме жоқ па?)
avatar
негізі квесттің соңында бесжүз бірліктің нөрімі бар (Актив)
avatar
1 суретті ашшық. Бірақ екіншісі еш жерде оқымайды. Мүмкін бір қателік бар болар? Қарап көресің бе?
avatar
Қымбаттым, сіз дұрыс жолда келе жатырсыз. Жалғастыра беріңіз. Ешқандай қате жоқ.
avatar
Ия… Мен де қарағанмын… Сары суретті… Шеше алмадым…
avatar
негізі шешіледі
avatar
Тіпті қиын болып жатса бір қосымша көмек бере аламын Көмек сұрасақ қалай болады? Жауабын айтпасаңыз да png-ны қайта кодтау туралы ақпарат берерсиз мүмкін?))
avatar
Көмек: графикалық редакторларды пайдаланып көріңіз ;)
Мына жердегі пікірлерді де оқып көріңіз, бәлкім пайдасы тиіп қалар
avatar
Мен шешіп қояр ем...)) просто актив номерім жоқ))) хихи
avatar
2-ni html kodyn karau kerek pa dep oilap edim. Birak, olai emes eken. Ari karai aitain ba?)
Тек қана тіркелген және авторизациядан өткен қолданушылар пікір қалдыра алады.