DRUPAL CMS-те алғашқы сайтымды жасау үстіндемін...

Блог аты daur_sdg
Осы уақытқа дейін веб-технологияларына қызығушылық танытып, біраз дүниелерді қарап шыққан болатынмын. Енді досымның ұсынысы бойынша жаңа бір дүниеге тап болдым. Жалпы Drupal CMS жайында қысқаша тоқталып кетсем.
Друпал
Drupal — PHP тілінде жазылған, мәліметтерді сақтауға реляциялық деректер қорын (MySQL, PostgreSQL және т.б.) қолданатын құрамды басқарудың негізі болып табылады.Тегін таратылатын және де күн санап жетілу үстінде. Ресми сайты мұнда.
Ресми сайттан керекті жабдықтарды алған соң, локалды серверге орнаттым. Өкінішке орай оның скриндарын көрсете алмаймын (себебі, жазбаны сайтты құру кезінде жазып жатырмын, қайта істеуге еріншектігім ұстап тұрғаны). Қысқаша айтатын болсам, барлығы да оңай, қарапайым, адамға түсінікті тілде болатын интерфейс. Керекті жерлерге мәліметтерді толтыру ғой сол, қарапайым тілмен айтқанда (болашақ сайттың атын, хост, мәліметтер қорымен байланыс, администратордың аты мен құпия сөздерді енгізу деген сияқты). Бірнеше минуттан соң, ол сіздің локалды серверіңізге орнатылады. Нәтижесінде, администратордың арнайы мәзірі шығады:
Администратордың мәзірі
Айта кететін бір сәт, мұнда модуль (module), көрсетілім (views), таксономия (taxonomy), блоктар (blocks) деген сияқты бөлімдер бар. Солардың қызметтерін жақсылап ұғып алған жөн.
Құрылымы
Бәрі оңай, әрі ыңғайлы жасалған. Стандарт түрде таңдап алған темаңыз алдын-ала арнайы региондарға бөлініп тұрады. Сіз керекті блокты құрып тек сол региондардың біріне арнайы интерфейс көмегімен қоя салсаңыз болғаны, ол сол жерден шыға келеді. Ешқандай кодтың да қажеті жоқ.
Региондар
Блоктарды сұрыптау
Сайтқа қажетті барлық нәрселер (тіркелу, іздеу, слайдерлер, бұлттар тэгі, видео плеерлер және т.с.с) ресми сайттан жүктеп алып сайтқа кірістіре беруге болады және оның бәрі қарапайым интерфейс түрінде жүреді.
Қысқаша осы. Бөліскім келді. Ерінбей, ертеңге қалдырмай оқыңыздар. Ізденіңіздер.)))
P.S. Бірінші рет жазып тұрмын енді))) Қателер, немесе ойымды толық жеткізе алмаған болсам кешірім))

5 пікір

avatar
Ағылшыншамен жеткізілген тұстарын таза қазақшаға аударып жіберсең, ұғу оңайырақ болушы еді мен сияқтыларға))
Сосын ше… <сut>-пен қолдансаңшы, дос))
avatar
Рахмет…
avatar
О о, Дәке, рахмет, пайдалы ақпарат үшін. Друпал қызықтырады. Егер Joomla, Wordpress-термен жұмыс істеп көрген болсаң, солардан Drupal қандай айырмашылығы, өзіндік ерекшелігі жайлы айта аласың ба?
avatar
Әрине… Келесіде бір жазармын...) осындамын ғой)))
Тек қана тіркелген және авторизациядан өткен қолданушылар пікір қалдыра алады.