Менің алғашқы программам

Блог аты Kymbat
Қайырлы күн!
C# бағдарламалау ортасынының алғашқы интерфейсі

Мұнда жаңа проект жасау үшін File->New->Project командаларын орындаймыз. Келесідей терезе пайда болады.

Біз алдымен қарапайым есеп шығарып үйренетіндіктен Console Application таңдаймыз. Browse батырмасын басып өзіңіздің программаңызды қалаған папкаңызға сақтауға болады. Name өрісіне программа атын беріп кетсеңіз болады. Ok батырмасын басасыз.
Біздің жұмыс тереземіз келесі суреттегідей болады. Барлық программаны классты және әдісті анықтап кеткеннен кейін программа денесіне жазамыз.

Осы уақытқа дейін интернетті пайдаланбай, өз қолымызбен жазып үйренген қызықты программалардың бірі келесідей:
Үшбұрыштың a, b, c қабырғалары берілген. Медиана ұзындықтарын табу керек. a қабырғасына жүргізілген медиана ұзындығы келесі формуламен табылады:
m(a) = 0.5 * түбір астында(2*(b2+c2)-a2)
Тексеру үшін a=3,b=4,c=5. Нәтижесі: m(a)=4.27, m(b)=3.61, m©=2.5.
(Программа коды келесідей түрде болады)
double a = 3, b = 4, c = 5, La, Lb, Lc;     

La = (Math.Sqrt(b * c * (Math.Pow((b + c), 2) - a * a))) / (b + c);
Lb = (Math.Sqrt(a * c * (Math.Pow((a + c), 2) - b * b))) / (a + c);
Lc = (Math.Sqrt(b * a * (Math.Pow((b + a), 2) - c * c))) / (b + a);
            
Console.WriteLine("La=" + La);
Console.WriteLine("Lb=" + Lb);
Console.WriteLine("Lc=" + Lc);
Console.ReadKey();


Нәтижені көру үшін Debug -> Start Debugging командасын немесе саймандар тақтасындағы жасыл түсті үшбұрыш белгішесін басамыз(F5 пернесі арқылы шақыруға да болады).

Курсор тұрған жерге сан енгізіп, осы жыл тиісті болатын ғасырды аламыз.

Бұл терезені оң жақ жақтаудағы Жабу белгісін басу арқылы, немесе кез-келген батырманы басу арқылы шығуға болады.

12 пікір

avatar
Жарайсын, Кима! Тусиникти турде жазылган.
avatar
Барлықтарыңыз программист болып кетіпсіздер)) :ok!:
avatar
Азирге «программист болып кеттік» деп айту қиын! Бірақ, шүкір, ниетіміз бар!
avatar
Ниеттеріңіз болғаны жақсы… Сәттілік онда сіздерге…
avatar
Рахмет!
avatar
SmartDev курсына барып жүрсіздер ме?
avatar
Иә, Клубтың жұмысы туралы сұрайын дедіңіз бе?
avatar
)) жоға… клубтың жұмысынан хабардармын… рахмет сізге…
avatar
Авторға респект, өте жақсы жазылған.
avatar
Жарайсың!!! Жақсы жазылған!!!
avatar
рахмет барлығыңызға)
avatar
screenshot жасағанда VS-ті толық емес, тек керекті жеріне жасасаңыз тамаша болар еді. Жарайсың автор! Осы қарқында жалғастыра бер.
Тек қана тіркелген және авторизациядан өткен қолданушылар пікір қалдыра алады.